Путин Қазақстанды интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы деп санайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ЕАЭО барлық мүшелеріне оң ықпал ететін интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады, деді РФ президенті В. Путин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Путин Қазақстанды интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы деп санайды

«Қазақстан - посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы. Бұған  табысты елдің интеграциялық жобаларды белсенді алға жылжытып жатқаны дәлел. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың барлық қатысушыларына оң ықпал етуде», - деді әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелесу барысында Путин.

Сондай-ақ, Ресей көшбасшысы Қазақстан басшысын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.