Путин Порошенкомен сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нормандияда екінші майданның ашылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты рәсімге қатысу үшін келген Ресей Президенті Владимир Путин Довилада Петр Порошенкомен жүздесті.
None
None

Германияның канцлері Ангела Меркель қатысқан екі ел көшбасшыларының әңгімесі Франция президенті Франсуа Олландтың атынан ұйымдастырылған ресми таңғы ас алдында өтті. РИА «Новости» хабарлағандай, Путин мен Порошенко бірер минут қана сөйлесті.

Бұдан бұрын Путин мен Меркель «Нормандия» қонақүйінің «Ван Донген» залында жабық есік жағдайында Украина ахуалын талқылады. Екі ел көшбасшысы журналистердің алдында қол алысып, суретке түсті.

Соңғы жаңалықтар