Путин ВТБ акциялар пакетін жекешелендіру туралы қаулыға қол қойды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - РФ Премьер-министрі Владимир Путин ВТБ банкінің акциялар пакетін жекешелендіру туралы қаулыға қол қойды.

Путин ВТБ акциялар пакетін жекешелендіру туралы қаулыға қол қойды

Бұл туралы ол Внешторгбанк басшысы Андрей Костинмен кездесуінде хабарлады. «Мен мәмiленi аяқтау туралы қаулыға қол қойдым», - деді Путин.

ИТАР-ТАСС хабарлағандай, Костин: «Мәлiмдемелердiң көлемi қазіргі базар нарығына сәйкес келетiн бағаны барынша көтеруге мүмкiндiк беретiн ұсыныстың көлемiн екi есе арттырды», - деп атап өтті.