03:43, 31 Тамыз 2017 | GMT +5
Путинцева US Open турнирінің екінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-інші ракеткасы Юлия Путинцева US Open турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ол алғашқы кездесуін өзінің бұрынғы отандасы, дүниежүзілік рейтингте 147-інші орында тұрған 1999 жылғы Софья Жукпен өткізді. Юлия екі партияда 7:6, 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші айналымда Ю.Путинцева осы турнирде 10-ыншы ракетка болып тіркелген поляк қызы Агнешка Радваньска немесе хорватиялық Петра Мартичтің қай жеңгенімен кездеседі.
Еске сала кетейік, ерлер арасында екінші айналымға шыққан М.Кукушкин тағы бір ресейлік, әлемдік рейтингте 99-сатыда тұрған Евгений Донскоймен кортқа шығады.