Пышақпен қорқытып қымбат көлікті қолды қылғандар ұсталды
«Алматы қаласының полицейлері үстіміздегі жылғы қараша айында жергілікті тұрғынға қарақшылық шабуыл жасап, автокөлігін иеленіп кету қылмысын ашты. 19 жастағы жәбірленуші досының өтініші бойынша «Тойота Ланд Крузер» автомашинасын сатып бермекші болып, ғаламторға және газетке хабарландыру бергені анықталды», - деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, бірнеше күн өткеннен кейін бейтаныс адам телефон соғып, машинаны көру үшін кездесетінін айтқан. Белгіленген жерге келген кезде төрт жігіт келіп, автомашинаны қараймыз деген сылтаумен салонға отырған. Осыдан кейін жәбірленушіні пышақпен қорқытып, құны 4,5 миллион теңге тұратын автомашинаны иеленіп кеткен.
»Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысты пайдақорлық мақсатта жасаған Алматы облысының 20 жастағы және Шығыс Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғындары ұсталды. Қылмыс құралы - пышақ тәркіленді. Ұсталғандар уақытша оқшаулау орнына қамалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері автомашинаны іздестіру және қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды тұтқындау бойынша шаралар қабылдауда», - деді Н.Ораз.