Qarmet металлургия зауытында мердігер ұйымның екі жұмысшысы қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында мердігер мекеменің екі қызметкер қаза тапты. Олар табақша металл илемдеу цехында бөлшектеу жұмыстары кезінде биіктен құлаған.

«2024 жылы 25 тамызда Қарағанды облысының Теміртау қаласында Qarmet АҚ ЛПЦ-2 (№2 Листопрокат цехы) нысанында қайғылы оқиға орын алды. Таңғы сағат 9:20 шамасында химиялық ұстау блогының шатырын бөлшектеу кезінде биік жерде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі қызметкері құлады», - деп хабарлады Qarmet АҚ баспасөз қызметі.
Өкінішке қарай, 2005 жылы туған Д. Иманғалиев және 1986 жылы туған Ю. Самойлов алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сондай-ақ, компания қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.