«Qazaqstan» арнасында өңірдегі және әлемдегі оқиғаларға қатысты екі бірдей бағдарлама ашылды

Телеарнаның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының жаңа маусымға әзірлігі мен дайындық жұмыстары жайлы дирекция директоры Ерлан Атамбай мәлім еткен . Бұған дейін көрерменге жол тартқан «1 студия», «Журналистік зерттеу», «Басты тақырып» бағдарламаларының да студиялары жаңартылып, құрылымдық жағынан өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайларға талдау жасайтын «Апта» бағдарламасында да айтарлықтай жаңалық бар.
Бұдан былай, хабарда өз саласы бойынша үздік атанған сарапшы-мамандар тобы жасақталады.
Айта кетерлігі, жаңа маусымда қос бірдей бағдарламаның тұсауы кесілмек. Саламат Омаш жүргізетін «Елден хабарға» кез-келген тұрғын өз өңіріндегі бір оқиғаны таспаға түсіріп жібере алады. Ал, Айнұр Омар мен Дулат Жексенбайұлы жүргізетін «Дабыл» бағдарламасы елімізде және әлемде болған төтенше жағдайлар, оқыс оқиғалар жайлы баяндайды. «Елден хабар» бағдарламасы бүгін 17:15-те «Дабыл» хабары 23:35-те көрсетіледі.