Р.Жақсылықов ҚР ІІМ Ішкі әскерлер бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.