Рафаэль Надаль US Open жеңімпазы атанды

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Испандық Рафаэль Надаль теннистен (US Open) ерлер арасындағы АҚШ Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп жазады Лента.Ру.

Рафаэль Надаль US Open жеңімпазы атанды

Турнирдің ақтық сынында Надаль сербиялық Новак Джоковичпен кездесті. Сайыс 6:4, 5:7, 6:4, 6:2 есебімен испандық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

Рафаэль Надаль өзінің спорттық ғұмырында US Open жүлдесін бірінші мәрте ұтып алды. АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін ол, «Үлкен дулығаның» - Уимблдон, Australian Open, US Open и "Ролан Гаррос" секілді барлық төрт турнирінде жеңіске жете алған теннис тарихындағы жетінші спортшы атанып отыр.