Рахат Тұрлыханов «Атамекен» одағының департамент директоры қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бір кездері танымал болған поп-әнші Рахат Тұрлыханов «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының департамент директоры қызметіне тағайындалды.

Рахат Тұрлыханов «Атамекен» одағының департамент директоры қызметіне тағайындалды

Ұйымның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы қол қойған бұйрыққа сәйкес, Рахат Қайратұлы Тұрлыханов «Атамекен» одағының Жастар кәсіпкерлігі департаментінің директоры болып тағайындалды. 

Рахат Тұрлыханов 1984 жылы 22 қыркүйек күні Алматы қаласында дүниеге келді.

199-2001 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (факультет «Халықаралық байланыстар»); 2000-2005 жж. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ ұлттық басқару академиясын (факультет «Мұнайбаза»); 2006-2008 жж. Вестминстерск (Лондон қаласы) университетінің магистратурасын (факультет «Бүкіләлемдік бизнес және менеджмент») бітірді.

2004-2005 жылдар аралығында «Предгорненская Нефтебаза» ЖШС-ның директоры.

2003-2005 жылдары «БНТР» ЖШС-ның директоры.

2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшісінің үшінші хатшысы.

2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жастар салауатты өмір салты үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.