Рахтың ісі бойынша айыпталушы Израиль азаматшасы жәбірленушінің үстінен арызданды

«Паздың арызы негізінде Хамро Сувановқа қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Әзірге ешқандау тергеу амалдары басталған жоқ», - деді Н.Гутарова.
Бұған дейін хабарланғандай, сот адам ұрлады деп айыпталып отырған Лилия Рах пен Мири Паздың адвокаттары жазған өтінімхатты қанағаттандырмады. Онда айыпталушылардың қорғаушылары Рах пен Пазды үй қамаққа немесе кепілдік арқылы босатуды сұраған.
Істі қараған судья Қуаныш Әріпжанов басты сот отырысын 21 қазанға белгілеп, 15 желтоқсанға дейін айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімін ұзартты.
Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен.
Кешенді тексеру шаралары барысында айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағыны анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жәбірленуші қамалған мекен жай анықталып, ол аман-есен бостандыққа шығарылған еді. Осы іске қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар: Лилия Рах, Мири Паз, Ислам Месиров және Бақыт Шалбаев.