«Распадская» шахтасында қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында Қарағанды облысынан қоныс аударған бұрынғы қазақстандықтар да бар
Белгілі болғандай, «Распадская» шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Кемерев облысына шұғыл түрде Қарағанды облысының Абай қаласындағы отбасының бірінің өкілдері аттанып кетті және бүгін кешке Вольный кентінің тұрғыны пойызбен жолға шығады.
«Распадскаяда» қаза болғандардың арасында «Абай» шахтасының ауысым бастығы Василий Подольскийдің немере туысы бар болып шықты. Ол жерлеуге жүріп кетті.
Абай қаласы маңындағы Вольный кентінің тұрғыны Лилия Устиненко оның 40 жастағы күйеу баласы Геннадий Белоусовты «Распадская» шахтасындағы үйінділер арасынан іздеп жатқанын айтты. «Қызыма қолдау көрсету үшін жүріп бара жатырмын. Он жыл бұрын Кемеров облысына көшіп кетіп еді. Жақсы орналасқан болатын. Үмітімді үзбей отырмын. Тірі болса жарар еді», - дейді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды көміршілерінің «Қорғау» кәсіподақ ұйымы «Распадская» шахтасында қаза болғандарға көмек қорына 700 мың теңгедей қаржы жинады. «Распадская» шахтасындағы қайғылы оқиғаға орай Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов қарағандылықтардың атынан Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеевке көңіл айту жеделхатын жолдады.