«Распадская» шахтасында қаза болғандардың саны 66 адамға жетті

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Кемеров облысындағы «Распадская» шахтасында тағы 6 адамның мәйіті табылды,

«Распадская»  шахтасында  қаза  болғандардың саны  66 адамға жетті

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Осылайша, мамырдың 9-ында болған екі жарылыс құрбандарының саны 66 адамға жетті.

Әлі 24 шахтердің тағдыры белгісіз қалуда, бірақ шахтада газдың шамадан тыс жиналып қалуы салдарынан іздеу жұмыстары тоқтатылып отыр.

Бүгін Кузбаста қаза болғандарды жерлеу рәсімдері жалғасуда.

Мамырдың 15-інде Кемеров облысында Аза тұту күні деп жарияланды.