«Распадская» шахтасында мерт болғандардың саны 39 адамға жетті
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Кузбастағы «Распадская» шахтасында мамырдың 8-інде болған екі жарылыстың салдарынан қаза болғандардың саны 39 адамға жетті,
деп хабарлады сейсенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының кезекшісі. «Құрбан болғандардың саны 39 адамға жетті. Құтқарушылар шахтада тағы 7 кеншінің денесін тапты. Қалған 51 адамның тағдыры әзірге белгісіз», - деді ведомство өкілі.
Ресейдегі ең ірі шахталардың болып табылатын «Распадская» кенішінде арасына 4 сағат салып екі жарылыс болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Екінші жарылыс болған кезде шахтада 83 адам қалып қойған. Бірінші жарылыстан кейін көмекке жіберілген барлық 19 құтқарушы қаза тапты.