12:40, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Раймонд Паулс ЭКСПО-2017 көрмесіне музыкалық шақырту дайындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі латвиялық композитор Раймонд Паулс рояльда ойнап, Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағындағы Латвия павильонына келуге шақырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Видео-шақырту Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Latvia EXPO-2017 парақшасында жарияланды.
Латвия өткен жылғы қыркүйекте көрмеге қатысу шартына қол қойды. Сол кезде көрмеге қатысуға жауапты Янис Эндзиньш Латвияның 2020 жылы әлемдегі ең «жасыл» ел болуға ұмтылып жатқанын айтқан еді.
Латвияда соңғы тұтынуда жаңартылған энергия көздерінің үлесі 37,1%-ды құрады, бұл Еуропа одағында Швециядан кейін (52,1%) екінші ең жоғары көрсеткіш. Латвия климаттың өзгеруімен күрес саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша ЕО бағдарламасы аясында 755 млн еуро бөлді.