Реактивті қуатпен өтеу кез келген кәсіпорында энергия үнемдеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді
Бұл туралы бүгін II республикалық конференцияда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, осы міндетті шешудің екі жолы бар: желілерді қайта жаңарту немесе жаңа желілерді салу, трансформаторларды алмастыру (ол ірі күрделі қаржы салымдарын талап етеді); немесе реактивті қуатпен өтеу құрылғыларын пайдалану. Бүгінгі күні қарауында энергияны қажет ететін шаруашылықтары бар басшылар осындай жабдықтарды орнатудың тиімділігіне көз жеткізе түсуде.
«Мамандардың бағалауынша, энергия ресурстарының, атап айтқанда электр энергиясының үлесіне өнім құнының 30-40 пайыз көлемінен келеді. Бұл энергия тұтынуды және реактивті қуатпен өтеу әдісін әзірлеуді сараптауға және оның аудитіне барынша байсалды қарау керектігін білдіреді», - деді Д.Тұрғанов.
Конференцияда бүгінгі таңда энергияның тиімділігін арттыру міндетін шешу мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және тұтынушылардың стратегиялық мақсаттарымен үйлесетіні аталып өтті. Нәтижесінде тұтастай алғанда елдің бәсекеге қабілеттілігі арта түспекші.