Референдум қорытындысы Қазақстанның одан әрі өркендеуінің негізін қалайды — Тәжікстан СІМ

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан Қазақстанды республикалық референдумның сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Kazinform-ның Душанбедегі меншікті тілшісі.   

Референдум қорытындысы Қазақстанның одан әрі өркендеуінің негізін қалайды
Фото: Тәжікстан СІМ

— Жоғары қатысу және дауыс беру қорытындылары ел басшылығының саяси бағытын кеңінен қолдайтынын және халықтың ауқымды реформалар бағдарламасына деген сенімін айқын көрсетеді. Біз референдум қорытындылары Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі үшін берік негіз қалайтынына сенімдіміз, — деп хабарлады Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі. 

Ведомство Тәжікстанның Қазақстанмен мәңгілік достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік рухына берік берілгендігін тағы да растайтынын қосты.

Соңында тәжік тарапы бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, гүлдену және күшті және егеменді мемлекет құру жолында жаңа жетістіктер тілегін білдірді.

Осыған дейін Қытай Қазақстанды референдумның сәтті өтуімен құттықтады.