Референдум күні елордада 65 сәби дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында кеше референдум күні 65 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Референдум күні елордада 65 сәби дүниеге келді. Оның 36-сы — ер бала, 29-ы — қыз бала», - деген ақпарат таратты елорданың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, аталған дерек қаладағы көпбейінді ауруханалардың акушерлік бөлімшелерінің ақпаратына сәйкес ұсынылды.

Бұған дейін Атырауда референдум күні 33 нәрестенің дүниеге келгені туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар