Ресей әуежайларында күл-қоқыс кесірінен 411 рейс ұшпай қалды
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Жанартау бұлттарының күл-қоқысынан, соңғы мәліметтерге сәйкес, 411 рейс бойынша ұшақтар ұшырылмай, 77 рейс кешігіп орындалған, деп хабарлайды РБК бүгін, сәуірдің 19-ында, Әуе көлігі федералдық агенттігінің баспасөз қызметіне (Росавиация) сілтеме жасап.
Әуежайларда 34 мың 252 жолаушы ұшуға рұқсат күтіп сарығуда.
Атап айтқанда, «Шереметьево» әуежайында 277 рейс ұшырылмай, 59-ы кейінге шегерілген. Жолаушылардың шектен тыс топырлауы байқалмайды. Ресей астанасының «Домодедово» әуежайында 27 рейс бойынша ұшақтар ұшпай қалған, 16 рейс кейінге қалдырылған. «Внуковода» тоғыз рейс ұшырылмай, екі рейс кейінге шегерілген.