Ресей азаматы анасының денесін 3 жыл бойы жерлемей сақтап, зейнетақысын алып тұрған

Ессентуки тұрғындары көршілерінің жұмбақ, бір түрлі мінезін байқаған. 60 жастағы ер адам үйіне үнемі қораптар тасып жүреді екен. Көршілері пәтерде не болып жатқанын анықтау үшін полиция шақыртқан. Полиция қызметкері мекенжай бойынша келгенде, бөлме ортасында мумияланған әйелдің мүрдесін тапқан.
- Алдын ала деректер бойынша, 1925 жылы туған әйелдің мүрдесі бөлмеде шамамен үш жылдай ұсталған. Оның 1955 жылы туған ұлы анасын жерлемеген. Ол мұндай қадамға анасын қатты жақсы көріп, ажырағысы келмегеннен барғанын айтты. Ер адам осы уақыт ішінде мүрде бүлініп кетпес үшін оны тұзбен өңдеп келген, әрі сенімхат бойынша анасының 16 мың рубль зейнетақысын да алып отырған, - деді РФ ТК Ставрополь өлкесі бойынша ТБ басшысының аға көмекшісі Е. Данилова.