Ресей азаматы Қазақстаннан 30 мың литр дизель отынын алып өтпекші болған кезде қолға түсті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында елден автоцистернамен 30 мың литр дизель отынын алып өтпекші болған Ресей азаматы ұсталды. Мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау фактісі 24 сәуірде «Қарақоға» шекара жасағында анықталды, деп хабарлады СҚО қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

«25 сәуірде РФ азаматы Е. басқарып келе жатқан автоцистернасымен автокөлікті ұстау фактісі бойынша іс қозғалды, ол шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз, РФ аумағына 30 157 литр мөлшерінде дизель отынын алып өтпек болған», - деп көрсетілген хабарламада.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 183-1-бабы 1-бөлігі (Мұнай және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау) бойынша қозғалды. Іс тергелу үстінде.

Соңғы жаңалықтар