12:25, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Ресей азаматы рәсімделмеген ақшамен ұсталды
ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екі елдің шекарасынан рәсімделмеген ақшаны алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сырым» шекара бекетінде «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігін тексеру үстінде шекарашылар бір азаматтың абдырап қалғанына назар аударды. Кейін анықталғанындай, оның көлігіне рәсімделмеген 5100 еуро мен 4500 доллар көлеміндегі қаржыны жасырып, алып өтпек болғаны анықталды.