Ресей ЕурАзЭҚ-тың 10 жылдығының құрметіне ескерткіш шақа шығарды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресей «Центробанкі» ЕурАзЭҚ-тың 10 жылдығы құрметіне ескерткіш күміс шақа шығарды.
None
None

Мамырдың 31-інен бастап, Ресейдің коммерциялық банктерінде «ЕурАзЭҚ-тың құрылуының 10 жылдығы» ескерткіш шақаны сатып алуға болады. «Оның номиналы 3 рублді құрайтын болады, ал қымбат металдың массасы -31,1 грамм, диаметрі - 39 мм»,- деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Ресейдің «Центробанкінің» баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, қымбат металдардан құйылатын шақалар, әдетте тек нумизматикалық құндылыққа ие, дегенмен мұндай шақалар, әсіресе алтын шақалар төлем құралдары ретінде Канада мен Оңтүстік Африка Республикасында әлі күнге дейін қолданылады.

Соңғы жаңалықтар