Ресей мен Украинаға қарағанда Қазақстандағы алтын-валюта резервтеріне және өнеркәсіп өндірісі көлеміне қатысты істің жағдайы айтарлықтай жақсы

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ресей мен Украинаға қарағанда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне, алтын-валюта резервтеріне және өнеркәсіп өндірісі көлеміне қатысты істің  жағдайы айтарлықтай жақсы.
None
None


 «ТМД елдері және әлемдік дағдарыс: ортақ проблемалар және түрлі әдістемелер» атты Ресейдің ФБК аудиторлық-консалтингтік  компаниясының сараптамалық баяндамасында осындай тұжырым жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның сараптамасы бойынша, Қазақстанда 2008 жылдың наурызымен салыстырғанда 2009 жылдың наурызында жұмыссыздық деңгейінің өсімі 2,9 пайызды құраған, Бұл көрсеткіш тек Германияда ғана төмен - 2,4 пайыз. Есепті кезеңде Ресейдегі жұмыссыздық деңгейінің өсімі 53,8 пайызды, Украинада 34,8 пайызды құраған.

 «Қазақстандағы алтын-валюта резервтері 2008 жылдың наурызымен салыстырғанда 2009 жылдың наурызында небәрі 1,9 пайыз аз болды. Бұл кезеңде Ресейдің алтын-валюта резевтері -25,1 пайызға, Украинада 23,6 пайызға кеміді», делінген ФБК сараптамасында.

Онда атап көрсетілгеніндей, 2008 жылдың наурызымен салыстырғанда 2009 жылдың наурызында Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі бар-жоғы 7,4 пайызға қысқарса, Ресейде - 13,7 пайызға, ал Украинада тіпті 30 пайызға азайып кеткен. Сонымен қатар, Украинада былтырғы наурызбен салыстырғанда биылғы наурызда бөлшек сауда айналымы қарқынының көрсеткіші 16,9 пайызға қысқарса, Қазақстанда небәрі - 5,7 пайызға, ал Ресейде 4 пайызға төмендеген. Қазақстан мен Украинада орташа айлық жалақының нақты мөлшерінің көрсеткіші тиісінше 5,9 пайызға және 3,7 пайызға жоғарылап, маңыздылығы жағынан батыс елдерінің ұқсас көрсеткіштерінің алдын ораған. Ал Ресейде болса керісінше көрініс қалыптасқан. Бұл елде нақты жалақы  5,7 пайызға қысқарған.

Компанияның сараптамасында бірталай көрсеткіштер бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан озық тұрғаны атап көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар