Ресей мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты бойынша бірінші орынға шықты
Ал есесіне, қаңтар-маусым айларында Сауд Арабстанынан мұнай жеткізілімі тәулігіне 7 миллион баррельге дейін төмендеген. Бұл туралы Day.az басылымы хабарлап отыр.
Жеткізілім негізінен мұнай бағасының өсуіне байланысты өндірістерін арттырып отырған «Роснефть» (РТС: ROSN), «ЛУКОЙЛ» (РТС: LKOH) және ТНК-BP (РТС: TNBP) компанияларының арқасында артып отыр.
Сауд Арабстаны мұнай жеткізілімі бойынша І тоқсанның соңына дейін әлемдік біріншілікті қолдан бермей келді, оның экспортының көлемі тәулігіне 7,39 миллион баррельді құрап келді, ал ресейлік көрсеткіш тәулігіне 7,25 миллион баррельді құрады. Дейтұрғанмен, Корольдік өзінің экспорттық саясатын былтыр мұнай өндірісін 4,2 миллион баррельге - тәулігіне 24, 845 миллион баррельге дейін төмендету туралы шешім қабылдаған ОПЕК квотасына сәйкес жүргізуі керек. 2008 жылдың шілде айында картельдің орташа тәуліктік өндірісі 30,315 миллион баррельді құраған болатын.