07:42, 02 Сәуір 2010 | GMT +5
Ресей Президенті Д.Медведев журналистерден лаңкестік туралы материалдармен мұқият жұмыс істеуді өтінді
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев журналистерден лаңкестікке қатысты материалдармен мұқият жұмыс істеуді және осыған байланысты терминологияны сауатты қолдануды өтінді.
Бұл туралы ол Махачкалада Солтүстік Кавказ федералдық округі республикаларының басшыларымен болған кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Мемлекет басшысы өз сөзінде, сондай-ақ Солтүстік Кавказдағы діни басшылардың беделі лаңкестікпен күресу ісіне көмектесетіне сенім білдірді.