13:11, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ресей Президенті жылдың қорытындысы бойынша телесұхбат береді
АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Ресейлік телеарналарда бүгін тікелей эфирде Президент Дмитрий Медведев ағымдағы жылдың қорытындысына арналған телесұхбат береді,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Президентке сауалдарды «Бірінші», «НТВ» және «Ресей» телеарналарының бас директорлары қоятын болады.
Сұхбат трансляциясы екі сағатқа созылады деп күтілуде.