Ресей үлгісімен қазақ еліне тілдік талап енгізу қажет пе? - БАҚ-қа шолу

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 18 сәуір, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Кеше елордада «Жасыл» экономика және жаңғыту жө­­нін­дегі Қазақстан-Финляндия экономикалық фору­мы бо­лып өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия Президенті Саули Ниинистё қатысты. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті егжей-тегжейлі жазып отыр.

«Қазақстан Финляндияны се­німді іскер серіктесі ретінде жо­ғары бағалайды. Қазірдің өзінде біз екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың елеулі нәтижесіне қол жеткіздік. Өткен жылдың қо­­рытындысы бойынша біздің ел­­деріміз арасындағы тауар­ ай­на­лымының көлемі 800 мил­лион­­ға жуық АҚШ долларына­ жетті. 2002 жылдан бас­тап Фин­ляндиядан Қазақстанға са­лынған тікелей инвестиция ағы­ны 170 миллион АҚШ долларынан асты. Біздің елдеріміз эко­но­микасындағы оң өзгерістер іс­кер­лік серіктестіктің одан әрі да­­муына негіз қалайды», деді Ел­ба­сы­ Нұрсұлтан Назар­баев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан­ның мейлінше ашық саясат ұстана­ты­нын атап өтті.

«Халықтың өмір сүру деңгейі тез жақсаруда. Бүгін Сізбен бірге болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен елдеріміз арасындағы белсенді саяси үнқатысу пен қарқынды экономикалық өзара қарым-қатынастар бүгінде көзге түсетіндей нәтиже әкеле бастағанына қуаныштымын. Форумда қарастырылған «жасыл» экономика мен жаңғырту тақырыбы өзара тығыз байланысты және бірін-бірі оңтайлы түрде толықтыра түседі», - деді С.Ниинистё.

Форумда еліміз бен Финлян­дия Республикасы арасында «жасыл» экономиканы дамыту және жаңғырту саласындағы серіктестік туралы декларация қа­былданып, өзге де бірқатар құжаттарға қол қойылды.


Бұрнағы күні Астанада елдегі машина жасаушылар форумы басталды. Оны Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Машина жасаушылар одағы ұйымдастырды. Бұл форум туралы «Егемен Қазақстан» газетінде толық жазылған.

Форумда сөз сөйлеген Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау қазақстандық машина жасауды дамытудағы мемлекеттің рөлін айта келіп, саладағы табыстар мен кейбір тұстардағы кедергілерге де кеңінен тоқталды. Сөйтіп, машина жасау өндірісін дамыту бойынша құрылған стратегия аясында қандай мақсат қойылып отырғанын айтты.
«Рынокты саралау қорытын­дысы бойынша стратегия жасал­ды. Біздің мақсатымыз - жылы­на 300 мың машина жасап шығару. Бұл тым қиялшыл мақсат болып көрінуі де ықтимал. Бірақ, бұл мақсатты жүзеге асыру қолдан келетін секілді. Сондай-ақ, әлем­дік автокөлік өндірушілермен ынтымақтастық орнату ойымызда бар. Бұл біздің таңдауымыз емес, ДСҰ қойып отырған талаптардың бірі. Біз отандық рынокта бар өндірушілерге екпін салуымыз керек. Олар өздерінің қарым-қабілеттерін көрсете алды, соған басымдық беру абзал», деді вице-министр.

Отырыста Премьер-Ми­нис­трдің орынбасары - Индус­трия және жаңа технологиялар­ министрі Ә.Исекешев, Маши­на жасаушылар одағы бас­қар­масының төрағасы М.Пі­шембаев, General Electric Trans­portation компаниясының ТМД,­ Еуропа елдері бойынша бас менеджері Г.Байхан, «Белкамит» БК» АҚ бас директоры П.Беклемишев машина жасауды дамыту перспективалары туралы баяндады.
Басылымның жазуынша, С.Ахметов саланың алдында тұрған міндеттерге қатысты оны одан әрі дамыту қажеттігін айтты. «Біз 10 жыл ішінде өндірілген өнім көлемін 45 млрд. теңгеден 680 млрд. теңгеге дейін арттырдық. Зауыттар мен кәсіпорындарды жаңғыртып, қайта құрусыз алға қойған межеден шығу қиындық туғызар еді. Жаңа технологиялар, жаңа құрал-жабдықтар керек. Оларсыз бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкін емес», деп атап көрсетті Үкімет басшысы.
Сөзінің соңында Премьер-Министр машина жасау қандай экономиканың болса да негізгі саласының бірі болып табылатынын атап көрсетті.

***

Жақында Ресейдің Мемлекеттік Думасы еңбек мигранттарына орыс тілі, Ресей тарихы мен заңнама негіздерінен емтихан тапсыруды міндеттейтін заңды бірінші оқылымда-ақ қабылдап тастады. 2015 жылдың қаңтарынан бастап көрші елге тұруға, не жұмыс істеуге келген әрбір шетелдік аталған талаптарды орындауы тиіс. Арнайы оқу орындары емтихан тапсырғандардың қолына сертификат береді деп жоспарланған. 5 жылға жарамды құжаттың құны - 5 мың рубльден (24050 теңге) басталады. Бұл туралы «Айқын» басылымы «Ресей үлгісімен қазақ еліне тілдік талап енгізу қажет пе?» деген мақаласында кеңінен тоқталған.

Басылымның жазуынша, сондай-ақ ТМД азаматтары бұдан былай Ресейге өз елдерінің жеке куәліктерімен емес, шетелдік төлқұжатпен ғана кіруге рұқсат алады. Енді отандық сарапшылар алаңдаулы: қатаң талаптар, әсіресе, төлқұжат мәселесі мен емтихан құны шетелдік мигранттардың Орталық Азиядағы экономикасы дамыған ірі ел - Қазақстанға лап етіп келуіне әкеп соғуы мүмкін. Кейбір отандық депутаттар мен кәсіпкерлер Ресейдің үлгісімен Қазақ еліне де тілдік талапты енгізу қажеттігін қолдайды.

Барлық гастербайтерлерді русифика­циялау бүкіл проблеманы шеше ме? Ресей сарапшылары мен журналистері бұған үл­кен күмәнмен қарайды. Олардың пікірін­ше, шетелдік жұмыс күші еңбек ететін жер­лерінде орыс тілін қажет етпейді, тіпті бұған мұқтаж да емес, ал орыс жастарының өздері біле бермейтін Ресей тарихы мен заңнамасын жаттауды талап ету күлкілі жайт, яки түптеп келгенде, бұл талаптар тек сыбайлас жемқорлықтың қазіргіден де үдеп кетуіне себеп болуы мүмкін деген ойда. Бұған кереғар пікір білдірушілер Германия мен Францияның үлгісімен тілді міндеттеу - әлемдік практика екенін еске салады. Ресей билігі бұл қатаң талаптарды «гастербайтерлердің тілдік ортаға икемделуі мен интеграциясына жасалып жатқан оңтайлы қадамдар» деген ұстанымда.

Осындай деректерді келтіре отыра, газет еліміздегі осы іспеттес мәселені шешу жолдарын іздеп, бірнеше адамдардың пікірін берген.


Қасиетті Құран Кәрімде табиғаттың таңғажайып кереметінің бірі - таудың геологиялық ерекшелігіне назар аудартады.
Жапонияның тауларды зерттеуші, геолог-профессоры Сиеведа: «Материктік және су астындағы таулардың ерекшелігі мынада: олар бейне жерге қағып кіргізілген қазықтар сияқты, олардың жер астында жалғасы бар» деген ғы­лыми жаңалығын жария еткенде, оған Құранның «Нәба» сүресінің 6-7 аятын­дағы: «Сендер үшін біздің төсеніш етіп Жерді, оған қазық етіп тауларды жарат­қанымыз өтірік пе?» деген сөздерді оқып берген. Сонда Сиеведа: «Бұл адам сенгісіз жағдай. Тіпті мүмкін емес. Алайда Құрандағы нәрсе - ақиқат, шындық және дәлме-дәл. Бұған дейін мұны ғалымдардың ешқайсысы білген жоқ еді» депті. Бұл туралы «Айқын» газеті «Таулар да жылжып жатыр бұлт көшкендей...» деген мақаладан оқи аласыздар.

Газеттің жазуынша, Құран жерге түскелі бірде-бір ғалым біздің көзімізге көрініп тұрған таудың бөлігі оның тек жартысы ғана екенін, қалған жартысы жер астында екенінен хабарсыз болса, соңғы кез­дегі гологиялық жаңалықтар мұны ғылыми түрде дәлелдеп шықты.
Ғаламшарымыздағы бүкіл құр­лық­тың 55 пайызы таулы өлкеден, 45 па­йызы жазық жерден тұрады екен. Мұ­хит табанындағы таулар жер бе­тін­дегіден де көп. Арал деп жүргеніміздің өзі, шын мәнінде, мұхит түбіндегі таулардың су бетіне шығып тұрған басы. Тынық мұхиттағы Мауна Кеа - суасты тауларының ең биігі. Оның мұхит табанынан ұшар басына дейінгі биіктігі - 9000 метр. 4877 метрі су астында да, 4205 метрі су бетінде. Жер бетіндегі ең биік тау Гималайдағы 8848 метрді құрайтын Эверест шыңы дейміз. Шынында да, солай ма? Егер суасты тауларын есепке алатын бол­сақ, онда жер шарындағы ең биік тау осы - жартысы Тынық мұхитының түбінде жатқан Мауна Кеа тауы болып шығады. Ол Эверестен шамамен 1352 метр биік. «Гавай аралдары» деп жүргеніміз мұхит түбінде пайда болған өте биік жанартаудың үстіңгі бөлігі. Оның су астындағы ені 160 шақырымды құ­райды.

Соңғы жаңалықтар