Ресейде 4-ші қабаттан басына қар құлаған әйел қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Киров қаласында жаяу жүргіншілер жолымен немересімен бірге кетіп бара жатқан әйелдің басына 4-ші қабаттан қар үйіндісі құлап, әйел алған жарақатынан жантәсілім етті. Бұл туралы жексенбі, 5 наурыз күні өңірлік тергеу басқармасының сайтынан мәлім болды, деп жазады lenta.ru.
Оқиға 5 наурыз күні Преображенская көшесінің бойында болған. Балаға ешқандай зақым келмеген.
Қазіргі таңда оқиға орнында тергеушілер мен қылмыстық полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның барлық жәйттері нақтылануда, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Айта кетейік, қаңтар айының басында Башқұртстанда су тартатын мұнарадан асты еріп, мұз болып қатқан қардың үйіндісі басына құлаған 13 жасар жасөспірім мерт болды. Осы оқиғаға байланысты таратылған ақпараттарда жасөспірімнің мұнараға барып, оны аяғымен теуіп тұрғандығы айтылады.