Ресейде арзан араққа тыйым салынады
АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан бастап Ресей дүкендерінің сөрелерінен арзан арақ көзден бұл-бұл ұшатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Алкоголді рынокты реттеу жөніндегі Федералдық қызмет бұйрығының жобасына сай Жаңа жылдың алғашқы күнінен-ақ осы спирттік ішімдіктің 0,5 литрінің ең төмен бағасы 89 рубль мөлшерінде белгіленетін болады. Өлшеп сатылатын арақтың құны жоғарыда көрсетілген мәнге тепе-тең есептеледі.