Ресейде балалы болғаны үшін ипотека қарыздарын ішінара кешіруді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутаттар жас отбасыларына, егер оларда бала дүниеге келсе, ипотекалық несиесін мемлекет есебінен ішінара өтеуді ұсынды. Одан кейінгі әрбір бала тууы төлемді одан да көбірек қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Lenta.ru «Российская газетаға» сілтеме жасап хабарлады.

«Мұнай схеманы енгізуді біздің сарапшыларымыз ұсынуда», - деп мәлімдеді Мемлекеттік думаның әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің басшысы Ольга Баталина. Ол сондай-ақ жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу үшін ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың қатысуымен тұрғын үй-құрылыс кооперативтері құрылуы мүмкін екенін айтты, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы басталды.

Ұсынылып отырған бастамаға Қоғамдық палата мүшесі Елена Тополева-Солдунова түсіндірме берді. «Ата-ана капиталы қазірдің өзінде бұл проблеманың бір бөлігін шешуге көмектесуде - оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға болады. Бірақ та бұл қаражат кейде жеткіліксіз болып шығады. Оның үстіне жас отбасылар материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілмегендігін айтар болсақ, ипотека олардың қалтасына ауыр соғады», - деді ол басылымға.

2015 жылғы 10 желтоқсанда үкімет ата-ана капиталы бағдарламасын тағы екі жылға ұзартты. Сол күні Еңбек министрлігі бағдарлама бойынша төлемдер 2017 жылдан бастап индекстеліп, 480 мың рубльді құрайтынын, ал 2018 жылы 505 мың рубльге дейін артатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram