Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде бір тәулікте 10 817 адам COVID-19-ды жұқтырған. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы хабарлады.

Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Жадел штабтың хабарлауынша, Ресейде қауіпті індет жұқтырған 198 676 адам бар. Жазылып шыққандар саны — 31 916. Сондай-ақ 1 827 адам коронавирустан қайтыс болған.