Ресейде бір аптада 600-ге жуық орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы бір аптада Ресейдің 40 өңірінде 587 орман өрті тіркелді. Жалпы өрт шарпыған аумақ 68 мың гектардан асты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Мәскеудегі меншікті тілшісі.

Почти 600 лесных пожаров произошло в России за неделю
Фото: «Авиалесоохрана»/ТАСС

Ресей Төтенше жағдайлар минитстрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, орман өртіне қатысты ең күрделі жағдай Сібір федералдық округіне қарасты аймақтарда сақталып отыр.

Ведомство дерегіне сәйкес, есепті кезеңде Ресейдің 40 субъектісінде 587 өрт ошағы анықталған.

Өрт қамтыған жалпы аумақ 68 мың гектардан асқан.

Красноярск өлкесінде елді мекендерін қорғау үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы жұмылдырылды.

Құтқарушылардың айтуынша, өрт ошақтарына әуеден 57 тонна су төгілген.

Бұған дейін табиғи өрттер Ямал-ненец автономиялы округі аумағында да тіркелген болатын.

Айта кетейік, биыл еліміздің мемлекеттік орман қорында 0,41 гектар аумақты қамтыған 3 өрт тіркелді.