Ресейде дағдарыс салдарынан өздеріне қол жұмсағандар көбейді

МӘСКЕУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Ресейде дағдарыс салдарынан өздеріне қол жұмсағандардың саны күрт өсіп отыр.
None
None
Өткен екі айда қаржылық ахуал салдарынан елде 100-ден астам суицид факті тіркелген. Медиктердің болжамынша, алдағы айларда бұл көрсеткіш күрт өсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Труд» басылымына сілтеме жасап. Сарапшылар: биылғы жылы өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының рекордтық саны тіркелетініне сенімді. Өздеріне жиі қол жұмсайтын неврастениктер мен бақытсыз адамдарға жұмыстарынан айрылған ресейліктер де қосылады, дейді олар.
Соңғы жаңалықтар