Ресейде ірі жалған ақша жасаушылар желісі ашылды

РФ ІІМ экономикалық қауіпсіздік депапртаменінің №10 жедел-іздестіру бюросының бастығы Денис Сугробовтың айтуынша, операция қорытындысымен мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. Жалған ақшалар Орталық, Солтүстік-Батыс, Сібір, Приволжье және Оңтүстік федералдық округтерінде өткізіліп келген.
Сугробовтың айтуынша, операция маусымның басында Дағыстанда, Мәскеуде, Мәскеу түбінде және Волгоград облысында өткізілген. 12 жалған ақша жасаушы тұтқындалып, олардан 16 миллион рубльден астам жалған ақша тәркіленген.
ІІМ атап өткеніндей, тінту барысында жалған рубль мен доллар басып шығаратын төрт желі табылған, арнайы баспа жабдықтары, ақшаның белгілерін салатын аппараттар, мың және бес мың рубль купюра әзірлемелері, қару және Федералдық көші-қон қызметінің жалған мөрлері тәркіленген.
Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, жасырын бизнесті ұйымдастырушы Дағыстанның 32 жастағы тұрғыны болған, оған екі бауыры көмектескен. Сонымен қатар олардың құқық қорғау органдарымен және банктермен байланыстары болғаны анықталды.
ІІМ атап көрсетуінше, қылмыскерлер ақшаны Солтүстік Кавказдағы содырлар құрылымдарын қаржыландыруға жіберіп отырған.