Ресейде іздеу жарияланған 2 күдікті Қазақстанда ұсталды

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Ресейде іздеу жарияланған 2 күдікті Қазақстан аумағында қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Ресейде іздеу жарияланған 2 күдікті Қазақстанда ұсталды

«Көліктегі ІІД қызметкерлері Астана әуежайынан 24 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Аталған азаматқа Ресей Федерациясының Тюмень облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған екен», - деді Н.Ораз.

Сондай-ақ ресми өкілдің сөзіне қарағанда, Ақтөбе қаласында криминалдық полиция қызметкерлері РФ Орск қаласында кісі өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланған 26 жастағы Ресей азаматтын қолға түсірді. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.