Ресейде космонавтика туралы оқулық жарық көрді

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің студенттері «Желаю вам доброго полета...» деп аталатын кітап жазып шығарды, деп жазады «Новая газета» басылымы. Кітап редакторы - «Новая газета» басылымының шолушысы, Ресей Батыры, ғарышкер-ұшқыш Юрий Батурин.

Ресейде космонавтика туралы оқулық жарық көрді

Газеттің атап көрсетуінше, бірегей басылым болып табылатын кітапта ғарыш туралы, атмосфера туралы түсінікті және ұғынықты етіп жазылған, онда космонавтика тарихындағы ең маңызды оқиғалар, ең бастысы - адамдардың қалай ғарышкер болатындығы туралы да баян етіледі. Ғарышкерлер қатарына қалай қабылдайтыны, зымыранның және ұшыру алаңының жұмысы, адамдардың орбитада қалай тұрып, қалай жұмыс істейтіні туралы деректер тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де қызықты болады, деп үміттенеді кітап авторлары.