Ресейде күші 6,7 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Ресей-қытай-солтүстіккорей шекарасында Рихтер бағамы бойынша күші 6,7 балдық қуатты жер сілкінісі болды,

Ресейде   күші 6,7 балдық жер  сілкінісі    болды

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Жерасты дүмпулері бүгін, ақпанның 18-інде мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 04.00-де тіркелді.

Жерасты дүмпулерінің кіндігі Владивосток қаласының оңтүстік-батысына қарай 110 шақырымдай жерде, Солтүстік Кореяның Чхонджин қаласынан да соншалықты қашықтықта болған. Ал зілзала ошағы 562,5 шақырым тереңдікте орналасқан.

Құрбандар мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.