Ресейде шенеуніктердің әйелдері мен балаларына бизнеспен айналысуға тыйым салуды ұсынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік думасының конституциялық комитеті төрағасының орынбасары Вадим Соловьев жоғары лауазымды шенеуніктердің, министрлердің, губернаторлар және аймақтық парламент басшыларының әйелдері мен балаларына бизнеспен айналысуларына тыйым салатын заң жобасын әзірлеуде, деп хабарлады www.centralasian.org.
None
None

РИА Новости агенттігіне берген сұхатында Соловьев: "Біз бас прокурордың балаларының бизнесіне байланысты жайттарды сараптадық және оған дейінгі бірқатар губернаторлардың әйелдері мен балаларының бизнеспен белсенді шұғылданғанынан туған оқиғаларды електен өткіздік. Біз мемлекеттік қызмет туралы заңға екі түзету енгізу қажет деген қорытындыға келдік", - деді.

Соловьевтің сөзінше, бірінші түзету президенттің өзі немесе оның ұсынысы бойынша өзге билік органдары тағайындайтын жоғары лауазымды тұлғалардың әйелдері мен балаларына бизнеспен шұғылдануларына тыйым салуды көздейді. Сонымен бірге жалған ажырасу жолымен бұл талаптарды бұзбақ болғандарға шамамен бір миллион рубль айыппұл төлетіп және жұмыстан босату қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар