Ресейде тағы бір Жеңіс күні белгіленбек

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Ресейде жақын арада тағы бір Жеңіс күні белгіленуі мүмкін. Бұл атаулы күн - милитаристік Жапониямен арадағы соғыстың аяқталуына арналған,

Ресейде  тағы бір Жеңіс күні    белгіленбек

деп жазады «Независимая газета».

Осыған байланысты тиісті заң жобасы алдағы күндері Мемлекеттік Думаға келіп түседі. Дереккөздің хабарлауынша, жаңа Жеңіс күні туралы бастаманы Кремль әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкин көтерген.

Бұл мерекенің нақты қай күнге белгіленетіні әзірге белгісіз. Көпшілік қыркүйектің 3-і туралы айтуда, себебі дәл осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының милитаристік Жапонияның жеңілгені туралы жарлығы шыққан.