Ресейде тұңғыш рет Қырғызстанның заңсыз мигранттарының конференциясы өткізіледі

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Екатеринборда қыркүйектің 14-інде «Шетелде жүрген Қырғыз Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын жүзеге асыру» тақырыбында Ресейдегі қырғыздың еңбек мигранттарының бірінші конференциясы өтеді.
None
None

Бұл конференцияның бастамашылары мен ұйымдастырушылары - «Қырғыз Республикасының еңбек мигранттарын қолдау қоры», Қырғызстанның заңсыз еңбек мигранттарының аймақаралық қоғамдық қозғалысы, сонымен қатар «Халықаралық интеграцияны дамыту орталығы».

Конференцияның мақсаты: Ресейдің түрлі аймақтарында және өзге елдерде тұрып жатқан қырғыздарды біріктіруге қатысты күш-жігерді біріктіру, қырғыз еңбек мигранттары ұйымдарының Қырғызстан мен Ресейдің Үкіметі мен Орталық сайлау комиссиясына Ресей аумағында олардың өз еркімен парламент сайлауларында дауыс берулері үшін қосымша сайлау учаскелерін ашу туралы талап етуіне қатысты ұсынысқа бастамашылық жасау.

Аталып өтіліп отырғандай, форум қырғыздықтардың түрлі қоғамдық қозғалыстарының өкілдерінің басын қосуға күрделі талпыныс болмақ. Конференцияға барлығы Ресейдің түрлі аймақтарының қырғыз қоғамдық қозғалыстарының 120-дан астам өкілі шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар