Ресейде жылдың басынан бері 23 лаңкестік әрекеттің алды алынды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Ресейде жылдың басынан бері 23 лаңкестік әрекеттің алды алынды, 250-ден астам қарақшы мен олардың сыбайластары ұсталды. Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортник осындай мәлімет келтірді,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Бұл туралы А.Бортник бүгін Екатеринборда өтіп жатқан Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің серіктестері - шетелдік мемлекеттердің арнайы қызметтері мен қауіпсіздік органдары басшыларының форумында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

Кеңеске арқау болып отырған тақырыптардың бірі - лаңкестердің ақпараттық технологияларды, оның ішінде, бірінші кезекте Интернет желісін пайдалану проблемасы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар