Ресейден дизель отынын Қазақстанға тасымалдауға енгізілген шектеу 20 маусымға дейін жалғасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейден дизель отынын Қазақстанға тасымалдауға енгізілген конвенциялық шектеу 20 маусымға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзин мәлім етті.
None
None

«Аи-80 бензині мен дизель отынына баға бұрынғы деңгейде сақталды. Сонымен бірге Ресейден дизель отынын тасымалдауға енгізілген конвенциялық шектеу 20 маусымға дейін жалғасады. Сондықтан да дизель отынына бағаның өзгеруі қисынсыз болар еді»,-деді Құлмұрзин.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейден Қазақстанға безин емін-еркін тасымалданып жатыр. «Ешқандай да шектеу жоқ. Реттеу шаралары Аи-92/93 маркасына ғана қатысты. Мұнай өнімдерінің өзге түрлері, оның ішінде жоғары октанды бензинге реттеу жүргізілмейді»,-деп нақтылап өтті ол.

Департамент басшысының айтуынша, Қазақстанның мұнай базаларында қазіргі кезде Аи-92 бензинінің 238 мың тонна көлеміндегі қоры бар. Осы орайда Қазақстан аумағында бензин тапшылығының қаупі туындамайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгіннен бастап Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің литріне 108 теңге көлемінде шекті бөлшек сауда бағасы белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 сәуірде Қазақстан Ресей Федерациясынан дизель отынын темір жолмен тасымалдауға бір айға шектеу енгізген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум