08:15, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ресейдің ең беделді зияткері аталды
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - openspace.ru порталы жүргізген сауалнамада айқын жеңіске жеткен жазушы Виктор Пелевин Ресейдің ең беделді зияткері деп танылды.

Бұл туралы Utro.ru сайты хабарлайды. Сауалнамаға 40 мыңнан астам дауыс берілген.
Рейтингтің алғашқы ондығына Виктор Пелевиннен басқа журналист және блогер Даниил Шеповалов, тележүргізуші Леонид Парфенов, саясаткер және публицист Михаил Ходорковский, публицист және блогер Константин Крылов, Патриарх Кирилл, ғалым және тележүргізуші Сергей Капица, тележүргізуші Александр Гордон, жазушы Борис Стругацкий кіріп отыр.