Ресейдің футбол құрамасының жаттықтыршысы Гус Хиддинк өз орнында қалмақ
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Ресейдің футбол құрамасының бас жаттықтрушысы Гус Хиддинк өз орнында қала бермек.
Бұл туралы Ресейдің Футбол одағының президенті міндетін атқарушы Никита Симонян мәлім етті, деп хабарлайды РСН агенттігі.
«Хиддинк жақында: «Симонян мырзаға құрметпен қарайтыныма қарамастан, әзірге мен «я бар, я жоқ» деп жауап бере алмаймын. Барлық мәселені жаңа президентпен шешетін боламыз», деп сәлем жолдады. Бірақ, менің білуімше, Хиддинк, жұмысын әрі қарай жалғастыруға ықыласты сияқты», - дейді Симонян.
Хиддинктің Ресей құрамасымен келісімшарты 2010 жылдың жаз айларына дейін жасалған. Бірақ келісімде, егер Ресей құрамасы 2010 жылғы әлем чемпионатына шыға алмаса, голлландық жаттықтырушының келісімшартты бұзу құқы қарастырылған тарау бар.