Ресейдің Краснояр өлкесінде балалар үйі өртенді

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснояр өлкесінің селоларының бірінде балалар үйінің ғимараты өртеніп, орнында тек күл ғана қалды.

Ресейдің Краснояр өлкесінде балалар үйі   өртенді

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық тәрбиеленушілер, 27 адам, дер кезінде қауіпсіз аумаққа көшірілді, деп хабарлайды "Эхо Москвы" радиосы.

Өрт туралы дабыл кезекші пультіне жұма күні кешке сағат 9-дарда түскен. Тілсіз жау тек 2 сағаттан кейін ауыздықталған. Тергеу органдары өрттің себебін анықтауда. Балалар уақытша жергілікті қонақүйде тұратын болады.