Ресейдің Омск қаласында солтүстікқазақстандық өнім өндірушілердің дүкені ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Омск қаласында «Казмаркет» дүкені ашылды. Бұл жерден қала тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысындағы өнім өндірушілердің ет, сүт өнімдерін сатып алуға болады, делінген ҚР Ресейдегі елшілігінің сайтында.
None
None

Дүкен 8-9 қараша аралығында Челябинск қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы қарсаңында ашылды. Жақын күндерде қазақстандық өнімдер саудаланатын тағы бір орын ашылмақ.

Айта кетейік, биылғы жылдың тамыз айының соңында Омск облысы экономика министрінің орынбасары Денис Кушнер өңірде Солтүстік Қазақстан облысы тауарларының жеке сауда үйін ашу мен Петропавл қаласында өндірілген азық-түлік өнімдерінің арнайы жәрмеңкесін өткізу туралы жоспарымен бөлісті.

Оның сөзінше, Қазақстан Омск облысының басты сыртқы серіктесі, бүгінгі таңда бұл саладағы үлес 30 процентті құрап отыр.

«2017 жылдың қаңтар-маусым аралығында Қазақстанның Омск облысымен тауар айналымы $143,6 млн құрап, өсім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 33 процентке жетті».

Соңғы жаңалықтар