14:45, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ресейдің Орталық банк төрағасының бірінші орынбасары газетпен бәстесіп, ұтып алды
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Орталық банк төрағасының бірінші орынбасары Алексей Улюкаев «Комсомольская правда» басылымымен бәстесіп, ұтып алды, деп хабарлайды РСН агенттігі.

Банкир ағымдағы жылы инфляцияның 11 пайыздан аспайтыны туралы журналистермен бәстескен болатын. Нәтижесінде, ол 9 пайыздан да аспай отыр.
Банкирге тұтынушылық кәрзеңке бұйырды. Бірақ, журналистер күріш, құмық, консервінің орнына, «тұтынушылық кәрзеңкеге» ананас, уылдырық және т.б. жеңсік тағамдар салып жіберді.
Улюкаев бұған дейін мұндай бәстерде жеңе алмайтын. Бірде ол экономист Евгений Ясиннен жеңілсе, тағы бірде «Известия» газетіне бір жәшік шарап жеңілген болатын.