Ресейдің ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы дерлік 47 пайызға төмендеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2009 жылдың 5 айында Ресейдің Достастық елдерімен сыртқы сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,9 пайызға төмендеп, 23,3 миллиард долларды құрады. Жалпы алғанда, қаңтар-мамыр айларының аралығында Ресейдің сыртқы сауда айналымы 2008 жылдың қаңтар-мамыр айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 45,8 пайызға азайып, 158,6 миллиард долларды құрады.
Достастық елдеріне жөнелтілген экспорттың құндық көлемі 45,9 пайызға - 15,9 миллиард долларға дейін азайды. Ал 2009 жылдың қаңтар-мамыр айларында Достастық елдеріне жөнелтілген экспорттың құрылымында отын-энергетика тауарларының үлесі 36,5 пайызды құрады, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 8 пайыз пунктке төмен.
Өткен 5 айда Ресейге Достастық елдерінен жеткізілген импорттың көлемі 7,4 миллиард долларды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 49 пайызға кем.