Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі «Нева экспресінде» қаза тапқандар туралы мәліметтерді нақтылады

АСТАНА.  Желтоқсанның  2-сі. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының  Төтенше  жағдайлар министрлігі  «Нева  экспресі» пойызында   қаза тапқандар туралы   мәліметтерді  нақтылады.  
None
None

 Министрліктің ақпараттар басқармасы   қаза тапқандардың саны 26 адамды құрап отырғанын      хабарлады.

 Бұған дейін  апат салдарынан   27 адамның  қаза тапқандығы  туралы айтылған.  «Адамдарды  тану  кезінде  қателік    орын  алған, бірақ   қаза    тапқандардың  тұлғаларын    әрі  қарай анықтау жөніндегі  шаралар  барысында  қателік  жойылды»,  деп  хабарлады басқармадан.     Министрліктің  өкілі сондай-ақ     мерт болғандардың  барлығының   аты-жөндері анықталғанын мәлім етті.

 Бұған дейін  із-түзсіз жоғалғандар  санатында болып  келген  әйел табылды:  ол өз үйінде  болып  шықты,  деп хабарлайды  ВВС телекомпаниясының   Орыс қызметі.

Соңғы жаңалықтар